ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласына тақау орналасқан әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан кіші сержант А.Балғынбай рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған.
«Бұған қоса, қару-жарақ сақтайтын бөлмеден бірнеше атыс қаруының жетіспейтіндігі анықталды. Құқық қорғау органдарының күштері мен әскери полиция әскери қызметшіні іздеу және ұстау, жоғалған қару-жарақты табу бойынша барлық қажетті шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды», - деп атап өтеді ведомстводан.
фото: ainews.kz