Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішінара жөндеуге тоқтатылады
«Регенерация процедурасы SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышының ақаулығы кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) «халық көп тұтынатын» АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған.
Сондай-ақ Т-251 жылу алмастырғышындағы ақау себептерін анықтау және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС құрылтайшылары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPC тергеу жүргізіп, іс-қимыл жоспарын әзірлеуде», - делінген министрлік мәліметінде.
Шілде айына автобензиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін өндірістік жоспарлар келесідей түзілді:
- Атырау МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, АИ-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.
- Шымкент МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, АИ-92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.