Жаттығу кезінде алдын ала дайындалған сценарииге сәйкес, мұнай сақтау қоймасындағы резервуардың құйылмалы эстакадасында бензин тасымалдаушы автокөлікке АИ-92 маркалы жанар-жағармай құю кезінде өрт орын алды. От таралып жақын орналасқан эстакадаларға таралу қауіпін туғызып, ұойма қызметкерлері өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне хабарлайды.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері болса өрттің қауіп дәрежесі үлкен екендігін ескеріп, жоғары шақыру жариялайды. Мекеменің қызметкерлері қауіпсіз аймаққа көшіріліп, жаттығу орнына күштер мен құралдар жетті. Өңірдің ТЖД күштері мен құралдары жеткенше мұнай базасының жедел ден қою күштері апаттарды жою бойынша дайындығын көрсетті. Өрт орнына келу барысында өрт сөндіру штабы құрылып, 380 Вт құрайтын электро желісі өшірілді. АИ-92 жанар-жағармайының одан әрі таралуына жол берілмей, сондай-ақ шартты өртті сөндіруге арналған құралдар тасымалданды.
Өрт-тактикалық жаттығуға қатысушылардың алға қойылған мәселелерді шешу үшін қолданған шаралары нәтижесінде шартты түрдегі өрт 9 сағат 49 минутта оқшауланып, 10 сағат шамасында толық сөндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен 2017 жылы аталған мұнай базасының аумағында ірі өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапқан еді.