Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын талқылау барысында депутат Альберт Рау вице-министрден Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатындығын сұраған еді.
«Зауыттың тоқтатылуы жоспарланған. Мәселені ҚазМұнайГаз және Энергетика министрлігі қарастырды. Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мамырда зауыт өз қуатында жұмыс істей бастайды. Зауыттың тоқтатылуы бюджетке де, республиканы жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге де әсер етпейді», - деп жауап берді Махамбет Досмұхамбетов.
Бұған дейін, Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты бүгіннен бастап уақытша тоқтағандығын хабарлаған болатынбыз.