Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама кезекші бөлімге кешкі сағат 21:55-те түскен.
«Жалын 150 шаршы метр аймақты шарпыған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласының 24 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылған. Сағат 22.21-де өрт вуыздықталып, сағат 22.45-да толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығынның мөлшері анықталуда» делінген хабарламада.