«Премьераға келген көрермендер залға лық толды. Бұл көңілге демеу екен. Екінші бөлім актриса мен режиссердің арасындағы махаббат шырғалаңын баяндайды. Бұл жердегі шиеленіс, қыздың ғашығының сезіміне сенбеуінде», - дейді фильмнің режиссері Шапағат Орынбаев. Ол фильмдегі басты рөлдердің бірі - режиссердің бейнесін сомдаған. «Фильмде комедияның бірінші бөлімінде ойнаған әртістердің елеулі бөлігі екінші бөлімде де көрініс тапқан. Осы жолы тек Нағима Есқалиева мен Қайрат Түнтеков қана жоқ. Оларды Шымкент пен Алматы драма театрларының әртістері алмастырды», - деп әңгімелейді фильмнің актері әрі сценарий авторларының бірі Нұркен Иманқұлов.
14:54, 12 Қараша 2010
Шымкент пен Алматы кинотеатрларында «25 теңге» комедиясының екінші бөлімінің премьерасы болды
ШЫМКЕНТ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент пен Алматы кинотеатрларында «Есаға» оңтүстікқазақстандық шығармашылық бірлестігі жасаған «25 теңге» комедиясының екінші бөлімінің премьерасы болып өтті.