Делегация мүшелері сондай-ақ «Астана - Шымкент өңіраралық байланысы» атты бизнес-форумға қатысты. Қалалық әкімдікте өткен басқосуда астаналық қонақтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысты.
Форум аясында іскер топтар мен даму институттары, мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлікті қолдауға арналған аймақтық бағдарламалармен танысты.
Шаһардың инвестициялық мүмкіндіктері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын талқылады. Smart City концепциясын, экономиканы цифрландыруға қатысты инновациялық шешімдер мен қызмет көрсету саласының дамуы, бизнесті дамытудағы цифрлы маркетингтің маңызын сөз етті.
Кездесу қорытындысында өңіраралық әріптестікті дамытуға байланысты екіжақты келісімдер жасалды.