«Шымкент пен Тараз аралығындағы шекарада жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде біз Қазақстандағы ең бірінші тоннель салуды жоспарлап отырмыз. Жұмысты Иран компаниясы жүргізуде. Жамбыл облысында Қордай елді мекенін айналып өтетін жол учаскесі аяқталуға жақын. Оны биыл бітіреміз», - деді вице-министр.
Айта кетейік, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Қазақстан аумағындағы жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Жобаны 2015 жылы толығымен аяқтау жоспарланған. Биыл жолдың 157 шақырымы пайдалануға берілмек. Жалпы қазіргі уақытта 1345 шақырым жолда құрылыс жүргізілуде. Оған 35 мың адам мен 4 мың құрылыс техникасы жұмылдырылған.