Аталған бағыт бойынша қалааралық жайлы автобустар сағат сайын күнделікті таңғы 6-дан 20:00-ге дейін жүреді. Аялдамай жүрген автобус діттеген жерге 4 сағатта жетеді.
Автобус пен ондағы жолаушылар және қол жүктері кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өткізілед.
Қазақстан жағынан KazNetworkBus ЖШС, ал Өзбекстан жағынан ManzaraTourism ЖШҚ тасымалдаушылар болып белгіленген.
Сондай-ақ, 2018 жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында кезең-кезеңмен тұрақты автобус қатынасы іске қосылады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды тасымалдайтын автобус қатынаған жоқ.
Еске салсақ, Шымкент-Ташкент бағдары бойынша тұрақты халықаралық автокөлік тасымалын жасау рұқсаты 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілді.