НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент пен Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-не сілтеме жасап.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып,солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, екпіні 23метрге жетеді деген болжам жасалып отыр.
Шымкентте 8 тамыз күні солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20метр болатын жел соғады.
Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.