«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осыған орай алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады. Рейстерді «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап «Airbus-320» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 2 рет жиілікпен орындайды» делінген хабарламада.Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.
17:27, 12 Сәуір 2023
Шымкент пен Үндістанның Дели қаласының арасында ұшақ қатынайтын болды
АСТАНА. Қазақпарат - Алғаш рет Шымкент пен Үндістанның Дели қаласының арасында ұшақ қатынайтын болды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.