Видеода арыстанның Шымкент қаласы Қағанат көшесі, 30 мекенжайында орналасқан JadiAs қонақүйінде қамауда отырғаны айтылған.
Осыған байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер арыстанды іздеу жұмысын жалғастыруда» деп мәлім етті полициядан.