Алаяқтық жолымен олар облыстағы банктердің бірінен несиелерді қолма-қол ақша ретінде алған, деп хабарлады ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Мысалы, 2 мамыр күні полиция қызметіне облыс орталығындағы банктердің бірінің директоры өтініш жазды. «Ол Шымкент қаласының тұрғысы жалған құжаттарды ұсынып, кепіл ретінде көрінеу асыртылған бағамен жылжымайтын мүлік ұсынған. Құжаттардың арқасында ол банкте 41 млн. теңгеден астам сомаға қолма-қол несие алып, оны әлі күнге дейін қайтарған жоқ», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Шымкент полициясына тағы 12 адамға қатысты осыған ұқсас өтініштер келіп түсті. Олар да алаяқтық жолмен банкқа жалған құжаттарды ұсынып, 3-тен 17 млн. теңгеге дейінгі сомаларға несиелер алған. Банкқа келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 130 млн. теңгені құрады.