Шымкент-Самара автожолындағы көпір құлады
12:48, 17 Наурыз 2013
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Шымкент-Самара автожолының теміржолдың астымен өтетін тұсында көпір опырылды, деп хабарлайды 24.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көпірдің 2 метр аумағы құлаған. Сенбі күні болған оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жолдағы көлік қозғалысы қазір реттеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізулуде.