Куәгерлер өртті видеоға түсіріп алған. Төтенше жағдайлар комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша, ескі ағаш шпалдар мен арнайы ыдыстарда ұзақ уақыт бойы тұрып қалған май жанған.
«Май жағылған ескі шпалдардың 5 текше метрі мен пайдаланылған май құйылған 5 ыдыс жанды. Өрт сағат 15-05-те ауыздықталып, 15-48-де сөндірілді. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Жалын шарпыған аймақ 225 шаршы метрді құрады»,-деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Өрттің шығу себебі анықталуда.