«Шымкент - Ташкент» тұрақты автобус қатынасы ашылмақ
Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус қатынасын ашу мәселесін қарастырды және бастапқы кезеңде «Шымкент-Ташкент» маршрутының іске қосылуын пысықтауға келісті.
Шара барысында үстіміздегі жылы екі ел арасында жүк тасымалының көлемі артқаны атап өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша екі жақтың өкілдері тиісті хаттамаларға қол қойды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Өзбекстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалының көлемі 11%-ға өсіп, 169,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі тауарлар текстиль, кілем, маталар, көкөніс, жеміс-жидектер, пластмасса өнімдері, механизмдер мен жабдықтар болып табылады.