Осы жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыр аралығында өткен байқауға қатысушылардың басым көпшілігі өзге облыстардың оқушылары болған. Әлеуметтік желінің арқасында үміткерлер ішінде Қызылорда, Көкшетау, Атырау қалаларының да балалары кездескен. Олар эссе жазбас бұрын, жасыл қала тарихын тереңнен зерделеді. Өткен мен бүгінгі тарихты Елбасы мақаласымен байланыстырды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтарды дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге байланысты бағдарламасына сәйкес жазбалар көп жарияланды. Эссені жазудың арнайы ережесі болды. Талапқа сәйкес эссе 2000 сөзден аспау керек. Яғни, байқауға қатысушы Шымкент қаласы туралы әсерін 200 сөздің ішіне сыйдыруы керек болды»,- дейді байқауды ұйымдастырушы Сабира Байзахова.
Осылайша туған жердің ғажабын шебер суреттеген 20 эссе иесі ерекше назарға ілінді. Жүлдегерлер Шымкентте бас қосып, оларға қаржылай сыйлықтар мен арнайы жолдамалар табыс етілді.
«Эссе жазу кезінде Шымкент туралы көп ақпарат алдым. Қаланың тамаша, сұлу жерлерінің көп екенін білдім. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес . Мен эсседе мәдени орталықтар туралы, табиғат пен Шымкенттің тарих туралы жаздым»,- дейді үздік эссенің авторы Алина Мороз.