Шымкент тұрғындары азық-түлік бағасына бақылау жүргізе алады
Бүгінде өңірде тікелей телефон желісі жұмыс істеп тұр.
Кез келген тұрғын 24-75-41 телефон нөміріне хабарласып, дүкендердегі баға өсімі бойынша айтып, арыздануға болады.
Ал, түскен шағым бойынша тиісті мекемелер дүкен иелеріне шара қолданады.
«Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 204 бабы 4-тармақшасында сауда үстемесі 15 пайыздан артқан жағдайда әкімшілік шара көру көзделген. Бұл баптың негізінде алдымен ескерту шаралары жүргізіледі», - дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қайрат Базарбеков.
Бөлім басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкентте азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ.
Қордағы азық-түлік тауарлары жеткілікті.
Мәселен, нан 80 теңге болса, бірінші сортты бидай ұнының келісі 170 теңгеден сатылып жатыр. Макарон өнімі 193 теңгеден болса, сәбіз 148 теңге.