Шымкент тұрғындары: ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың Елбасы ұсынған нұсқасы - ең дұрысы

ШЫМКЕНТ. 10 маусым. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғындары зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін қызу талқылауда.

Қарапайым халықтың және қаржыгерлердің ойы бір арнаға тоғысады: зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша Үкімет ұсынған нұсқасы өміршең болмайтын еді.

Шымкент тұрғыны Людмила Трофимова Президенттің сөзін аса тебіреніспен тыңдағанын айтады. Әйелдің айтуынша, егер елімізде халық қалаулылары мақұлдаған құжат сол күйінде қабылданса, онда оның зейнетке шығу жасы тағы 4 жылға алыстар еді. Әйел Мемлекет басшысының үндеуінен өзіне маңызды тармақты түртіп алды: «Зейнеттік жарналар азаматтар есебінен ғана емес, жұмыс берушілердің де есебінен жүргізілетін болады».

Л.Трофимованың пікірімен Шымкенттің өзге тұрғыны Дінмұхамед Жақыпбеков те келіседі. Экономист Қазақстанда әйелдер үшін зейнеттік жасты көтеру мәселесі кездейсоқ көтерілмегенін алға тартты. «Заң қажет, бірақ өңделген күйінде»,- деді ол.