Шымкент тұрғыны екі адамға оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны екі адамға оқ атты. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері 5 қазан күні жек көрушілік қарым-қатынас салдарынан көшеде екі жас жігітке оқ атқан жергілікті тұрғынды ұстады. Оқ жарақатын алған олардың бірі қаза болды»,- деді Алмас Садубаев.

Ресми өкілдің дерегінше, қазіргі уақытта  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.