Нақтырақ айтқанда, Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
Ол өз арызында, сүйген жігіті оның рұқсатынсыз ұялы телефонындағы «Каспи» қосымшасы арқылы ақшасын алып, 2 500 000 теңге материалдық шығын келтіргенін жазып көрсеткен.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.
Еңбекші ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны азамат өз қажетіне жаратып жібергенін анықтаған.
Қазіргі уақытта азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғындарға « банк есепшотындағы өзіңізге қатысты жеке құпия сандарды ешкімге бермеңіздер, бейтаныс тұлғаларға сенбеңіздер» деп ескертеді.
Банк картасынан бөлек, жеке куәлік, жалпы құжаттарға аса сақ болуға шақырады.