Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығына 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны автокөлік ұрланғаны туралы арыз түсіреді.
«Тараз тұрғынының «ВАЗ-2114» автокөлігі түнде қаланың бір шағын аудандарының бірінде тұраққа қойылған, - деді құқық қорғау ведомствосынан. – Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 24 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталған. Күдікті қылмысын мойындап, ұрланған автокөлікті қосалқы бөлшектерге сатқанын айтып берді».
Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сай соталды тергеу жүргізілуде, деп нақтылады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.