«Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгінген тергеу изоляторының қызметкері жеке тұлғаның 1 млн теңге көлемінде пара ұсынғанын айтқан. Қызметші бұл туралы дереу басшылыққа және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар берген. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен аумақтық ҚАЖД жедел қызметкерлері бірлесе бірқатар тиісті шаралар қабылдап, заңға қайшы әрекеттің жолын кесті», – деп мәлімдеді өңірлік ҚАЖ департаменттің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.
Еске салсақ, бұған дейін түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізілмек болған еді.