Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйде көлік басқарған 58 жастағы жүргізуші ВАЗ-21074 автокөлігімен екі бірдей туысын қағып кеткен. Салдарынан өзінің 56 жастағы інісі мен 55 жастағы келіні оқиға орнында қаза тапты. Қазір өңірдің Ішкі істер департаментіне қарасты жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен іс қозғалды.