Шымкент- Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкент- Түркістан тасжолында жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттен шыға берістегі Ынтымақ мөлтекауданында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған .Нәтижесінде көлік ішіндегі заттар да жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.

«ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ» - дейді Шымкент қаласы ТЖД департаменті таратқан ақпаратта.

Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.