Шенеунік ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі («Адамдар тобымен аса ірі көлемде жасалған алаяқтық») бойынша айыпталды.
Шенеунікке қарсы айыпты ауылдық амбулаторлық аурухана құрылысына тендерді жеңіп алған құрылыс компанияларының бірі тақты.
Компания мәліметінше, сол уақытта ОҚО әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының жетекшісі болған (2010) Байғоновтың талабымен мердігер компания құрылыс материалдарының 40 пайызын жоғары лауазымды шенеуніктердің жеке үйлерінің құрылысына беруге мәжбүр болған. Салдарынан фирма 30 млн. теңгеге шығынға ұшырады.
Сот шенеунікті бес жылға бас бостандығынан айырды (жалпы режім) және 20 миллион теңге айыппұл салды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.
Дереккөз: Отырар TV