Шымкент зообағына 10 жылдың ішінде алғаш рет сілеусіндер әкелінді
00:51, 31 Мамыр 2014
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент зообағына Қырғызстаннан 10 тиін мен 2 сілеусін әкелінді. Таяудағы уақытта мұнда басқа да хайуанаттар әкелінетін болады.
Зообақ директорының орынбасары Латифша Әлиевтің айтуынша, хайуанаттарды жеткізу оңайға түспеген.
«Хайуанаттар күйзелісті бастан өткерді. Жол өте ауыр болды. Қазақстандық шекараның өзінде бірнеше сағат тұрдық», - деп әңгімеледі Латифша Әлиев.
Жаңа тұрғындарды зообақ қызметкерлері Пржевальский жылқысына ауыстырды. Мұнда бір ғана тиін болған еді, ал сілеусін 10 жылға жуық уақыт бойы болмаған. Таяудағы уақытта зообақта басқа да хайуанаттар болмақ. Моңғолиядан соңғы әкелінген Шерхан атты амур жолбарысы жаңа жағдайға жерсініп кетті.