АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық зообаққа кіру ақысын төмендетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент зообағына сілтеме жасап.
Қала әкімінің қаулысымен билет бағасы бұрынғы 500 теңгеден 300 теңгеге дейін арзандады.
«Шымкент зообағы - халық көп келетін демалыс орындарының бірі. Баға арзандады. Бұдан былай мұнда келушілер саны бұрынғыдан артады. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын үнемі назарға алып отырамыз», - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Белгілі болғандай, енді Шымкент зообағына кіру билетінің бағасы ересектер үшін - 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып бекітілді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.