Десе де жануардың нақты не себепті өлгені тиісті сараптамалар жүргізілген соң белгілі болады. Белгілісі ол соңғы жеті жыл көлемінде аяғын зақымдап алған еді. Әрі үнемі оған дәрілер салынып жүріпті. Қалай болғанда да мамандар жануарды тиісті жерге апарып, жерлеп қойғанын айтады.
Айта кетейік, әдетте сусиырлар 50 жылға дейін өмір сүреді. Ал Ламбада 26 жыл жасап, үш төл туған. Кенжесі Глория өткен жылы туылған болатын.