Қуанышты жаңалықпен хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Дастан Баширов бөлісті. Оқиға бір айдан астам уақыт бұрын болған. Түйеқұстың 6 балапаны жұмыртқаны жарып шыққан. Барлығының жағдайы жақсы. Дәл қазір инкубаторда қосымша 6 жұмыртқа бар. Олардың барлығы - африкалық 5 түйеқұстың төлі.
«Түйеқұстың жұмыртқалары ірі келеді, әрқайсысының салмағы - 1,5 келі. Ересек түйекқұстар - ең үлкендері, олардың бойы 2,7 метр, салмағы 130 келіге дейін барады.Түйеқұстар көбіне шөлейт жерлерді мекен етеді, жылдамдықтары сағатына 72 шақырымға жетеді», - дейді Д. Баширов.