ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы зообақта осыдан 40 күн бұрын туған арыстан төлдері жазғы торға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Африканың «Тану» және «Симба» атты арыстандары жұбынан төл алдық. Абдандар жазғы вольерге шығарыла бастады. 1 шілдеде біздің мамандар оларды тексеріп, жынысын анықтады. Салмағы 7,2 келі болды», - дейді зообақтың жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі Ақнұр Шабиярбекқызы.
Қос абдан 24 мамырда дүниеге келген. Қазіргі таңда жағдайлары қалыпты деп бағаланып отыр. Енді олар 6 ай бойы қатаң қадағалауда болмақ. Одан соң ат қойылып, көпшілікке таныстырылады.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.