Шымкентке американдық студенттер келді
15:40, 14 Наурыз 2009
ШЫМКЕНТ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентке 12 американдық студент келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өз елдерінде олар шығармашылық кәсіптер бойынша жоғары оқу орындарында оқиды. Шымкентке келудегі мақсаттары - өз шеберліктерін көрсету және жергілікті ұсталармен танысу. Американдық қонақтар халық шеберлерінің отбасыларында тұрып жатыр. Шаңырақ иелері олармен өз мамандықтарының құпияларымен бөлісуде, Түркістанға, Шымкенттегі және Төле би ауданындағы тарихи орындарға экскурсиялар жоспарлауда. Шеберлер шетелдік қонақтар үшін халқымыздың қолданбалы өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізуде. Ал шетелдік студенттер болса, біздің шеберлерге бизнес жүргізу бойынша дәрістер курсын оқиды.Шымкенттік қолөнершілердің туындылары ? түсті киіздер, саздан және теріден жасалған бұйымдар, ағашқа салынған оюлар - шетелдік қонақтардың назарын аударып отыр. Ұлттық қолөнер кәсібімен жасалған жұмыстар жұртшылықтың назарын міндетті түрде аударады, ал шеберлер өз жұмыстарын лайықты таныстыра алулары керек, деп санайды шетелдік қонақтар.