Шымкентте 1,5 мың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарты жылдықорытындылаған прокурорлар кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 39-дан 23-кеазайғанын атап өтті. Сонымен бірге, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс 123-тен94-ке төмендеген. Прокуратура заңсыз қылмыстық жауапқа тарту бойынша 10 фактініжойды.

«Қоғамдық мүддені қорғау саласында қала прокурорлары 36 тексеру мен 78 талдау жұмыстырын жүргізіп, заңбұзушылықтарды жою жөнінде 130 ұсыным, 6 наразылық, 1 талап-арыз даярлаған. Нәтижесінде 434 мың тұлғаның құқықтары қорғалып, 1,5 мың тұлға тәртіптік, 70 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5,3 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді», - дейді қала прокуроры Мақсат Аманқұлұлы.

Игерілмеген 2,5мың (14,5 мың га) жер учаскесі анықталып, ықпал ету актілері негізінде кадастрлыққұны 4,8 млрд теңге тұратын 1,5 мың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.