Шымкент қалалық Кірістер департаментінің мәліметіне қарағанда екі мекемеде оңалту рәсімі жүруде. Тағы екі мекеме ресми түрде банкрот деп танылған. Нәтижесінде осы төрт мекеменің 86 жұмыскер алдындағы жалақы қарызы 29,8 млн теңгеге жеткен.
Кәсіподақ ұйымдары бірлестігінің төрағасы Берік Бекжановтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 21 661 кәсіпорын (592 мемлекеттік және 21 069 жекеменшік) жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Алайда олардың арасында тек 1 033-інде (4,8%) ғана ұжымдық шарт түзілген. Ал 20 628 (95,2%) мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған. Салдарынан осы шарттардың жоқтығы еңбек дауларын дер кезінде шешуге кедергі келтіріп отыр.