30 жастағы алаяқ келіншектің ұсталуына қала тұрғыны себепкер болған. Ол полицияға келіп, күдіктіге алданып қалғаны туралы шағым түсіреді. Айтуынша оған бір келіншек «мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесемін» деп 200 мың теңгесін алып кеткен. Алайда кейін ізін суытқан. Жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 1987 жылғы келіншек қолға түсті. Тергеу барысында оның осыған ұқсас 12 алаяқтық қылмысына қатысы бар екені дәлелденген.
Қазір күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 190 «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.