Басқарма басшысының сөзінше, ешқандай санаты жоқ медбикеніңжалақысы 94 095 теңгеден 122 323 теңгеге дейін өсіп отыр. Ал ең жоғары санатыбар дәрігерлер 159 271 теңге көлемінде жалақы алады. Сондай-ақ, мегаполистеағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына барлық деңгейдегі бюджет есебінен 46,3млрд теңге бөлінген.
«Қазіргі уақытта басқарма тарапынан медициналық ұйымдардыкомпьютерлік техникамен 100% жабдықтау үшін ашық конкурс жарияланды. Бұл тезарада Халыққа қызмет көрсетудің сандық форматына көшуге мүмкіндік береді. Жобақұны 650 млн теңгені құрайды. Жеке серіктес ашық конкурстың қорытындысы бойыншаанықталады. Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобалардың жалпысомасы 13,05 млрд теңгеге жетті»,- деді Асхан Байдувалиев.