Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы «қызыл аймаққа» өтті. Қалада соңғы тәулікте 141 адам коронавирус жұқтырған. Індет анықталған 47 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 94 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 253 орын дайындалған. Төсек орын толымдығы 66%-ды құрайды. Яғни, 86 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 167 науқас емделуде, ал жансақтау бөлімінде 59 төсек орын бар. Онда 13 науқас ем қабылдап жатыр.
Биылғы жылдың 7 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша айтар болсақ, егу науқаны басталғалы бері барлығы 592 808 адам вакцинация алған. Оның ішінде 576 174 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаса, Pfizer вакцинасының I компонентін 16 840 адам, II компонентін 6 972 адам қабылдапты. Сондай-ақ, 34 962 адам ревакцинацияланған.
Мегаполистің бас дәрігері Бақытжан Позилов барша шаһар тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға және екпе алмаған халықты вакцина мен ревакцинация алуға шақырды.