Оқиға Әл-Фараби ауданына қарасты Т. Рысқұлбеков көшесі мен Ғ. Иляев көшесінің қиылысында болған. Отбасылық жанжалдың салдарынан 18 жасар қыз 5-қабаттан секіріп кеткен. Дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған бойжеткенге құтқарушылардың көмегі қажет болған.
«Құрамында 6 құтқарушы бар жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына келіп, альпинистік жарақтың көмегімен 2004 жылы туған зардап шеккен азаматшаны төмен түсіріп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырды» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Аталған оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеретін болады.