Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі 74 жастағы әжей жиырма күннен астам дәрігерлердің қарауында болған. Оған коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозы қойылған. Инфекция жұқтырған зейнеткер вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсынан өткен. Емделу кезінде асқыну болмады, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 3 314 науқас дертінен айығып шыққан.