Басқарма басшысының сөзінше, аталған мәселені шешу мақсатында қалада тағы 8 мектеп салынады.
«Елбасы Жолдауындағы басты мәселенің бірі - апатты және 3 ауысымды мектептерді күрделі жөндеу. Бұл мәселені шешу үшін қосымша ғимараттар салу, бос ғимараттарды қолдану, жаңа мектептер ашу қарастырылуда. Алдағы уақытта инвесторлар 8 мектептің құрылысын бастамақ. Ал 12 мектептің құрылыс жобалары бекітілуде», - деді Ақерке Абылайхан.
Басқарма басшысы, сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер бойынша шымкенттік мұғалімдерге тұрғын үйдің сертификаты тапсырылғанын атап өтті. Ондай қолдау алдағы кезде де жалғасын таппақ.