Шымкентте 2 мыңдай жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында 2 мыңға жуық жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Аталмыш мәлімет қалалықпрокуратурада өткен кәмелет жасына толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінеқатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ұрлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсызаңның сақталу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінде айтылды.

Жергілікті атқарушыжәне құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен жиында жасөспірімдердіңістері туралы құрылған мобильді топтың жұмысы бағаланды. Аталмыш топ 144 алдыналу жұмысын жүргізген.

Аталған іс-шараларнәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 344 жасөспірім кәмелеткетолмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған, түнгі уақытта заңды өкілісізтұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 1 983 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілікжауапқа тартылған.

Сонымен қатар қалапрокуроры Мақсат Қожабаев «МЖК» аумағында орын алған 3 жастағы бүлдіршінніңөліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі жіті бақылауға алғанын атап өтіп, бұлбағытта жергілікті атқарушы және құқық қорғау орандарына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар,үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алужұмыстарының және қылмыстық істердің тергелу барысы қаралды.

2019 жылы лауазымды тұлғалар жасаған сыбайласжемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық істіркелген.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсыпрофилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында құқық қорғау және жергіліктіатқарушы органдардан мекемеаралық топ құру туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар