Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжастың айтуынша, қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданған. Ал, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылып, оның ішінде үшеуі «қатаң ескерту» алған. 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Жиын барысында мамандар төтенше жағдай режимінде әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі туралы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.