Шымкентте 2ГИС қосымшасы автобустардың қозғалысын көрсете бастады

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары енді 2ГИС мобильді қосымшасы арқылы қалалық автобустардың қозғалысын онлайн режимде көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалықтар цифрлыжаңалық арқылы нақты уақыт тәртібінде қоғамдық көлік қозғалысын бақылайтынболады.

Бұлжұмыстарды қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының цифрландыру басқармасыжәне 2ГИС компаниясы жүзеге асырып отыр.

Шымкент 2ГИСкартасында қоғамдық көлік қозғалысы пайда болған Қазақстанның алғашқы қаласыболып отыр. Бұл жүйені сонымен қатар, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург жәнеНовосібір сынды қалаларықолданып келеді.

Аталғанқосымшаны смартфон иелері Play Market дүкенінен жүктеп ала алады. Телефоныңызғажүктеген қосымшаға кіріп, аялдаманың белгісіне бассаңыз, картада автобустарпайда болады. Немесе іздеуде маршруттың нөмірін енгізсеңіз, қоғамдық көліктіңқай жерде келе жатқанын және автобус жолын да көре аласыз. Бұл өз кезегінде аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалумәселесін жеңілдетеді.

Жүйе теконлайн арқылы жұмыс істейді, сондықтан смартфонның ғаламторға қосылуы маңызды.

Егер автобускептелісте қалса немесе кез келген басқа себеппен маршруттан кетсе, өзгерістер30 секундтан кейін картада бейнеленеді.