Шымкентте 3 мың үй газсыз қалды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Тельман ауданының тұрғындарына газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыпырған ата көшесінде су құбырын тарту жұмыстары кезінде газ құбырына зақым келген. 3 кәсіпорын мен жеке сектордың 3094 абоненті көгілдір отынсыз қалды.

Оқыс жағдайды реттеумен Шымкент энергетика және ТКШ басқармасы және газ шаруашылығы мамандары айналысып жатыр.  

Шымкент әкімдігі тұрғындардан үйдегі барлық газ приборларын сөндіруін сұрайды. 

 

Соңғы жаңалықтар