Шымкентте 30-дан астам дизайнер модельдерін ұсынған этноүлгідегі киімдердің көрсетілімі өтті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы этноүлгідегі киімдер көрсетілімінде өз жұмыстарын 30-дан астам дизайнер ұсынды. Олардың алдына заманауи модельдер мен ұлттық элементтерді қосу сынды қиын міндет қойылған.

Ұсынылған киім түсі қанық, киюге ыңғайлы, сондай-ақ ұлттық ерекшелікті танытып отыр.

«Өз модельдеріме әрқашан бұл қазақ қызы екенін танытатын элементтер қосып отырамын. Менің топтамам толықтай қолдан тігілген. Кестелеуге өте көп уақыт кетті, бұл көп еңбекті қажет етеді», - деп баяндайды дизайнер Дильдора Юсупова.

Шымкентте ұлттық стильдегі киімдер көрсетілімі екінші рет өткізіліп отыр. Қазір жаңа идеялар, жаңа оюлар ұсынылып, жұмыста жаңа маталар пайдаланылған. Дизайнерлер осындай киім қазақ халқының мәдениетін көрсетіп, отансүйгіштікке тәрбиелейтінін айтады.