Шымкентте 300 мыңнан астам қызғалдақ егілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызғалдақ - Шымкент  қаласының символы. Сондықтан да бұл гүлдің түрі онда көптеп егілуі заңды.

Биыл қалада 320 мың түп шамасында қызғалдақ егілді. Бұл нәзік көктем гүлі субұрқақ кешендері мен қала көшелерін әшекейлендіріп, қызылды-жасылды алуан түрлі өсімдік қаланың ажарын аша түсті.

Шымкентке Польшадан әкелінген қызғалдақтың тұқымын мамандар қаңтар айында отырғызған. Олардың айтуынша, қызғалдақтың тұқымын қыста отырғызу қалыпты тәжірибе, өйткені олар қар астында жақсы өседі.

Гүлдің бұл түрі ежелгі парсы аңыздарында мадақталған. Ал  қызғалдақты әлемге әйгілі еткен Нидерланды мемлекеті.