Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жандос Оспановтың сөзінше, әсем гүлдердің тұқымдары былтыр қара күзде отырғызылған. Көктемгі гүлдер бүгінде негізінен шаһардың орталық көшелері мен әкімшілік іскерлік орталығында гүлдеп тұр.
Сәуір айының 20-шы жұлдызына деиін көрік беріп тұратын өсімдіктер алыстан көз тартады. Ал мамыр айынан бастап қызғалдықтың тұқымдары жинап алынып, олардың орнын жаздық гүлдер алмастырады.
Жауапты мамандар биылғы жылы петуния, шафран, катарантус сияқты жаздық гүлдердің 350 мыңға жуық көшетін отырғызуды жоспарлап қойыпты.
Бұл жұмыстар ауа райының қолайлылығына қарай сәуір айында басталады деп күтілуде.