Шымкентте 34 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша 1 сәуірден бастап 64 736 азамат жүгінген. 38 мыңға тарта отбасы учаскелік комиссияға жолданып, 34 779 отбасы бойынша оң шешім қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссияшешіміне сәйкес, қалада 33 823 отбасыға9 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленген. Ал, 3203 отбасының құжаттары кері қайтарылған. Әлеуметтік көмекалушылар арасында 47 381 адам еңбекке қабілетті деп танылса, 12 794 тұрғынжұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді тобына енгізілген. 13 067 адам өз бетінше жұмыспен қамтылғандарболғандықтан олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалса, 1 157 азамат әлеуметтік келісімшарттарға тұрған. Оның ішінен 748 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендішараларымен қамтылған. Сонымен қатар, 3 мың азаматты қысқа мерзімдік кәсібиоқытумен қамтужоспарланып отыр.

Айтакетейік, ағымдағы жылдың 27 ақпанында Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті18-ші съезінде берген тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекмөлшері 14 848 теңгеден 20 789 теңгеге көбейтілді.