Шымкентте 4 күнде жол ережесін бұзған 400-ге жуық жүргізуші ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 4 күнде жол ережесін бұзған 400-ге жуық жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқұпарат.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

«Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Осылайша мегаполисте төрт тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жолаушыларды, багажды және заттарды

тасымалдау ережесін бұзудың – 11, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың – 15, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеудің – 6, техникалық байқаудан өтпеудің – 40, ұялы телефон пайдаланудың 60 дерегі тіркелді», - деп жазды қалалық Полиция департаментінен.

Ведомство таратқа мәліметте а удандық Полиция басқармалары ӘҚБтК-тің 615-бабымен белгіленбеген жерден өткен 500-ге жуық жүргізушіні анықтағаны айтылған.