Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, Забадам кенті маңында жалпы ауданы 26 мың шаршы метр болатын учаскеде көшкін әсер етуі ықтимал аймаққа Гүлстан көшесі бойындағы 8 тұрғын үй кіреді.
Онда 36 адам тұрады және ұзындығы 250 метр асфальтталған жол учаскесі бар.
Тағы 3 учаске Қазығұрт шағынауданында орналасқан.
Мұнда Құрылыс көшесіндегі 7 тұрғын үй және Батумская көшесіндегі 2 тұрғын үйге көшкін қаупі бар.
Тұрғындардың жалпы саны - 33 адам.
«Қала бойынша барлығы 95 объект орналасқан. Оның ішінде 388 адам тұратын жалпы ауданы 474 5002 шаршы метр көшкін қаупі бар 12 учаске анықталды», - деп атап өтті департамент бастығының орынбасары, полковник Жанибек Кәрімбаев.
Биыл Шымкент қаласының аумағын зерттеу барысында қосымша көшкін қаупі бар учаскелер анықталған жоқ.